Сіздің бизнес-міндеттеріңіздің орындалуын ұйымдастырып бақылаймыз.
Біздің қызметімізді 120-дан астам компаниялар пайдаланып үлгерді. Біз сізге білікті персоналды аутсорсингке ұсынамыз.
Профильді емес міндеттердің толық орындалуын қамтамасыз етеміз.
Толығырақ білуБизнес-үдерістерде білікті қызметкерлердің жұмыс істеуін қамтамасыз етесіз:
"Қосалқы үдерістерді бізге табыстайсыз:
Біз керекті қызметкерлерді өзіміздің базамыздан іріктейміз.
Қойылған бизнес-үдерістердің орындалуын үйлестіреміз және бақылаймыз.
Жеке-дара есеп пен коммерциялық ұсынысты алыңыз
* Біздің маманымыз сізге 4 минут ішінде кері қоңырау шалады
Біз сіздер үшін көп қойылатын сұрақтардың жауаптарын дайындадық:
Біздің қызметтерімізге көптеген әр түрлі компаниялар тапсырыс береді.
Сол себепті қызметтер бағасы әрбір тапсырыс берушінің нақты қажеттіліктеріне байланысты болады.
Сан алуан кәсіпорындармен әріптестігіміздің бай тәжірибесі 10 қызметкерден бастап аутсорсингті қажет ететін кішігірім компаниялармен де, персоналдың едәуір санын талап ететін ірі ұйымдармен де жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
«Сіздің кадрлық қорыңыз» клиенттермен жұмыс істеген кезде, өзінің сындарлығымен ерекшеленеді. Дәл осы қасиетіміз компаниямызды кадрлар аутсорсингтік қызметін жүзеге асыратын бәсекелестерден ерекше етіп көрсетеді. Клиенттерге бағдарлану – бұл сәтті әріптестіктің кепілі.
Бұл клиенттермен ең тиімді және ашық шарттар негізінде ынтымақтасуымызға септігін тигізеді.
Біз клиентіміздің әрбіреуімен келісім-шарт жасасамыз, мұнда ынтымақтастығымыздың шарттары нақты және жете қарастырылып жазылады.
«Сіздің кадрлық қорыңыз» — бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген кадрлық агенттік.
Біз персоналды, соның ішінде шетелдік персоналды, рәсімдеумен байланысты барлық тәуекелдерді өзімізге жүктейміз.
Сізді миграциялық және мемлекеттік қызметтер тексерістері мазаламайтын болады, өйткені персоналға ресми жұмыс беруші жауап береді.
Жеке-дара есеп пен коммерциялық ұсынысты алғыңыз келеді ме?
Компания шығындарының азаюы: персоналды қамтуға кететін қаржы құралдарын үнемдеу. Кәсіпорынның салықтық мәртебесін сақтау арқылы салықтарды қысқарту.
Кадрлар мен бухгалтерия бөліміне жүктеменің азаюы: міндеттерді аутсорсер компанияға тапсырудың арқасында.
Негізгі қызмет түрін жетілдіру: профильді емес үдерістердің басқарылуын мердігерге табыстаудың арқасында, компания өз экономикалық моделінің дамуына назарын шоғырландыра алады.
Персоналды іріктеу мен тексеру қажеттілігінің жоқтығы: «Сіздің кадрлық қорыңыз» міндеттерін орындауға дайын, сенімді мамандарды ғана ұсынады.
Жұмыскерлер санын реттеу мүмкіндігі мен тапсырыс берушінің қажеттіліктеріне орай мамандар тобын қалыптастыру мүмкіндігі.
Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес өзге елдер мамандарын рәсімдеу сұрақтарын шешу.